"Сен жалғыз емессің" атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сен жалғыз емессің" атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

"Сен жалғыз емессің" атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Кеше ғана Алматы қаласында “Алматы әйелдер орталығының” жетекшілері Лаура Сейітбек пен Роза Әшірбаева өздерінің әйелдерге арналған рухани, тағылымды әрі пайдалы “Сен жалғыз емессің” атты кітаптың тұсаукесерін жасады.

  • 4 Маусым 2021
  • 908
Фото - Caravan.kz

Шара жоғары деңгейде актер әрі шоумен Дәулет Бижановтың жүргізуімен өтті.

Тұсаукесерге Қаракөз Сүлейменова, Гүлзира Айдарбекова, Жазира Байырбекова, Өркен Кенжебек, Бағлан Әбдірайымов, Ғазизхан Шекербеков сынды танымал өнер жұлдыздары, дизайнер Аида Кауменова және БАҚ өкілдері, блогерлер қатысты.

Кітаптың тұсауын тележүргізуші, әнші Қаракөз Сүлейменова, әнші Жазира Байырбекова және Алматы қалалық қыз-келіншектер секторының жетекшісі, Алматы орталық мешітінің ұстазы Айнұр Жарқынбекқызы кесті.

Сондай-ақ, кітаппен қатар "Lauline" атты су жаңа гигиеналық майдың да тұсауы кесілді. Оның тұсауын белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кесті.

Бір ғана данамен арнайы ақ былғарыдан жасалған кітапқа аукцион жасалды. 100 теңгеден басталған аукционда кітап 100 мың теңгеге өтті. Кітапты 100 мың теңгеге сатып алған кәсіпкер, инфобизнесмен Бақытбай Сабырбеков.

Кітап туралы өнер жұлдыздары өз пікірлерін айтып өтті.

“Заманауи болса да, қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ислам шеңберінде жазылған жол сілтеуші “Сен жалғыз емессің” кітабы қазақ әйелдерінің бақытты болуына өз үлесін қосары сөзсіз”, — деп Қаракөз Сүлейменова өз пікірін білдірді.


Әнші Қарақат Әбілдина бұл кітап әр қазақ әйелінің тұмарына айналуы керек екенін атап өтті.

"Тәрбиенің қайнар көзі, отбасының ұйытқысы болар әйел баласына арналған осынау кітапқа өз тарапымнан өте жоғары баға беріп отырмын. Дін және ислам шеңберіндегі психологияға негізделген өте құнды дүние жасап шықтыңыздар, Алла разы болсын! Әрбір тарауын оқыған сайын кітап саған ашылып, жан сарайың байып, жан-дүниең білімге қанып, рухың нұрланып сала береді екен.Бұл кітап әр қазақ әйелінің тұмарына айналуы керек десем артық айтқаным болмас", — деп өз пікірін айтты Қарақат Әбілдина.

“Сен жалғыз емессің кітабы” өзін дамытып жүретін, өзіне инвестиция жасауды аямайтын қыз келіншектерге, өз өмірін 180 градусқа өзгерткісі келетіндерге, өзіне, өміріне көңілі толмай жүрген жандарға, күйзелісте жүрген қыз-келіншектерге, бақытты өмір сүргісі келетіндерге арналған.