Коронавирустың жаңа штамын кімдер жиі тарататыны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирустың жаңа штамын кімдер жиі тарататыны анықталды

Коронавирустың жаңа штамын кімдер жиі тарататыны анықталды

 

  • 14 Маусым 2021
  • 245
Фото - Caravan.kz

Коронавирустың жаңа штамдарын кімдер жиі тарататыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Роспотребнадзор эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничнаяның сөзінше, жастар коронавирустың жаңа штамын жұқтырған жағдайда оны жеңіл өткереді. Бірақ олар инфекцияның негізгі тасымалдаушысы болып саналады.

"COVID-19-дың клиникалық көрінісі өзгерген. Жастар ауруды жеңіл өткереді, сондай-ақ олар вирусты белсенді таратушы болып есептеледі", — деді ол.


Маман жаңа штамды жұқтырған жағдайда көбіне маусымдық ЖРВИ белгілері байқалатынын, сондықтан жастар оған бей-жай қарап, қалыпты өмір сүре беретінін айтады.