Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға 16 маусым күні кешке болған.

  • 17 Маусым 2021
  • 252
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні сағат 19.00-де Баймағамбетов көшесінде болды. Облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" 99-бабымен қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп хабарлады полициядағылар.

Қылмыстың себебі тексеріліп жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйелге бірнеше рет пышақ сұғып алған, кейін өзін жарақаттаған. Сондай-ақ куәгерлер ер адамның қайтыс болған әйелдің бұрынғы күйеуі болғанын айтады.

"Полицияға оқиға туралы хабарлама сағат 18.51-де түсті, жедел жәрдем 18.53-те жетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер 1988 жылы туған әйелдің жерде жатқанын көрді. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған", — деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.


1984 жылы туған ер адам ішіне пышақ салған. Екінші бригаданың көмегімен ол ауруханаға жеткізілді.