ҚР Ұлттық банкі "қоймадағы триллиондаған теңгені термиттер (қанатты жәндік) жеп тастаған" деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz--ке сілтеме жасап.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл — фейк, — деді zakon.kz редакциясына ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Интернетте термиттердің Ұлттық банктің қоймасындағы 2 трлн теңгені жеп, бүлдіргені туралы ақпарат пайда болған еді.