Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.46
  • 555.38
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолын айтты

Үндістандық штамға қарсы иммунитет қалыптастыру жолын айтты

Ресейлік аллерголог-иммунолог Владимир Болибок үндістандық штамға қарсы иммунитетті қалыптастыру жолын айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.

  • 20 Маусым 2021
  • 117
Фото - Caravan.kz

Дәрігердің сөзінше, ағзаны күшейтудің бір ғана жолы бар, ол — дәрі-дәрмектер. Маман иммунитетті күшейтуге иммуномодуляциялайтын құралдар тобына жататын препараттартардықолдануды ұсынды.

Дәрігер ауруға қарсы иммунитетті күшейтудің дәрілік емес әрекеттері профанация екенін айтады.

"Адам иммунитетінің деңгейі екі параметр бойынша анықталады. Біріншісі — генетикасы, екіншісі — жасы. Адамда иммундық қорғаныш деңгейі "бағдарламаланған". Сәйкесінше, кей кезде иммундық жүйе жақсы жұмыс істесе, кейбір вирус пен бактерияға қарсы әрекет ете алмауы мүмкін. Ол әр адамда әртүрлі болады", — дейді Болибок.

Дәрігер адам өмірінде төтеп бере алатын вирус пен бактериямен кезігетінін айтады.


"Сондай-ақ оған адам жасы да әсер етеді. Орта есеппен адамда 35 жасына қарай жасырын не ашық түрде созылмалы ауру болады. Сәйкесінше, COVID-19 сол жас шкаласы бойынша иммундық жүйеге әсер етеді. Яғни адам жасы неғұрлым үлкен болса және иммундық жүйесі әлсіз болса, соғұрлым оған вирус белсенді түрде шабуыл жасайды", — дейді маман.