Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.08
  • 558.28
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген

Шымкент тұрғыны үйінің жертөлесінде марихуана өсірген

Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіруге байланысты әрекеттің жолын кесті.

  • 16 Сәуiр
  • 3
Фото: Polisia.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел іс-шаралар барысында жергілікті тұрғынның үй жертөлесінде арнайы жабдықталған фитозертхана анықталды.

Ер адам жертөлені тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге бейімдеп, арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Тексеру барысында құрамында есірткі заты бар өсімдік – марихуана, сондай-ақ оны өсіруге арналған техникалық құралдар тәркіленді.

Күдікті өткен жылдан бері ірі көлемде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.