Ол өмірінің ең қиын сәттерін еске алған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Әкем марқұмның бір ауыз сөзі өмірімнің темір қағидасына айналды… Кәсіптің алғашқы қадамдары, алмағайып заман… Кеңес Одағы құлап, бәрі өзгеріп жатқан кез. Әкемнің табысы аз, тұрмыс ауыр. Ал мен бір ай ата-анама беріп жүрген көмегімді кешіктіріп алдым…
Сол бір айда олардың шығыны көбейіп, бірнеше күн үйде бір үзім нан да болмағанын кейін білдім… Бірақ бұл шағым емес, өкпе емес, үнсіз көтерілген сынақ еді.
Кешкі әңгімеде осыны кездейсоқ естігенде, жүрегім сыздап кетті. Сонда мен әкеме:
«Әке, неге айтпадыңыз? Неге хабарласпадыңыз? Мені ренжітпеңізші…»
Әкем сабырмен ғана қарап: «Балам, менің ұлылығым таршылықты көрсетпей, ешкімге мұңымды артпау. Ал сенің ұлылығың көмекті білдіртпей жасау, адамды сұратпай-ақ қолдау» дегені бар еді.
Осындай биік мінезді әкенің тәрбиесін көру менің ең үлкен байлығым… Асқар тау Әкем 84 жасқа келуші еді.., Сағындым…», — деп жазды ол.