Түркістан облысында жеті адам жол апатынан көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында жеті адам жол апатынан көз жұмды

Түркістан облысында жеті адам жол апатынан көз жұмды

Түркістан облысында 7 адам жол апатына түсіп қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 20 Маусым 2021
  • 62
Фото - Caravan.kz

Бүгін Созақ ауданының Екпінді-Бірлік автожолының 144-531 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Бұл туралы хабарлама аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне сағат 11.20-да келіп түскен.

"Оқиға орнына бірден ТО ПД-нің криминалистері мен анықтаушылары және жедел тергеу
тобы шықты. Полиция қызметкерлері "Лада-Приора" мен "Фольцваген-Гольфтің" соқтығысқанын анықтады. Оқиға орнында 2 жеңіл көлік жүргізушісі мен 5 жолаушы көз жұмды. Ал жарақат алған 1 адам аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылды", — делінген ПД хабарламасында.

Аталған жайт аудандық бөлімінде СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке басын анықтап, жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.


Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында болған жол апатынан жеті адам көз жұмғаны айтылған еді. Олардың төртеу балалар екені анықталды.