Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Адам саудасы, жеңгетайлық, ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды ашу және олардың жолын кесу мақсатында 16-18 маусым аралығында Ақтөбе облысының аумағында "Тоқта трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша адам саудасының бір фактісі анықталды. Сонымен қатар бір – жеңгетайлық, 47 – қоғамдық орындарда тиісу және көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй – жай беру фактісі тіркелді. Есепке екі сутенер және 10 жезөкше қойылды.