"Қайта вакцинациядан өткізу мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені "Спутник V" вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штаммдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штаммына төтеп бере алады", – дейді Бекшин.
Бұған қоса ол Алматыда коронавируспен ауырған 32 науқас қайта ауруға шалдыққан.
"32 адам коронавирусты қайта жұқтырған. "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 92% көрсетті. Иммунитеттің қалыптасуы адамның ағзасына байланысты. Бірінде иммунитет бар, енді бірінде әлсіз", – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Еске салсақ бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына байланысты карантин күшейтіледі ме деген сұраққа жауап берген болатын.