Нөсер жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нөсер жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Нөсер жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстан бойынша 24-26 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды,

  • 23 Маусым 2021
  • 27
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер елімізде күн салқын болатынын айтады.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі", — делінген ауа райы болжамында.