Алматыға локдаун енгізіле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға локдаун енгізіле ме?

Алматыға локдаун енгізіле ме?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жауап берді.

  • 25 Маусым 2021
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, локдаунның енгізілуі екіталай.

Дегенмен шектеу шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Қазіргі күні шектеу шаралары қаулысының жобасы әзірленіп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет комитет шешімін күтудеміз. Комитеттің қаулысынан кейін қалалық департаменттің қаулысы шығатын болады, — деді ол.

Оның айтуынша, қалада вирус жылдам тарап, жағдай күрделеніп келеді.

Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Тұрғындар да шектеу шараларына түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Вакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. Індеттең құтылудың , жағдайды ушықтырмаудың жалғыз жолы осы. Сондықтан алматылықтарды өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, вакцина алуға шақырамын, — деді ол.


Бұған дейін ол жағдай ушықса көпсалалы ауруханалар инфекциялық мақсатта пайдаланылатынын айтты.