Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділік артты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділік артты

Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділік артты

Түркістан облысы бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейі 11,2% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

  • 27 Маусым 2021
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылы 93 кәсіпорын инновацияларға ие болды. Өнімдік, процестік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 11,2%, соның ішінде өнімдік және процестік инновациялар бойынша 11,1% құрады.

Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш ірі кәсіпорындар арасында байқалып 48% құрады. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 7,6% өсіп 14847,6 млн теңгені құрады, — делінген хабарламада.

Өткізілген инновациялық өнім 11633,7 млн теңге болды. Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда, 4 есеге көбейіп, 17997,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 4219,9 млн теңгені құрады.