Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен ауруханаға түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен ауруханаға түсуде

Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен ауруханаға түсуде

«Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен аурухана жатқызылуда.

  • 28 Маусым 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған іс-шаралардың барлығы коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келе жатқанын көрсетеді. Біз төсек-орын санын көбейтуге және адами ресурстарды ұлғайтуға мәжбүрміз. Жұқпалы аурулар ауруханаларына тәулігіне 150-200 адам жатқызыла бастады», — деді ол.

Басқарма басшысының атап өтуінше, 2001 инфекциялық төсек-орынның 598-і ғана бос. Оның ішінде 36 реанимациялық төсек-орын бар.


«Жансақтау бөлімінде дәл қазір 111 науқас, КВИ-мен 100 адам жатыр. Ауыр жағдайда 57 науқас, өте ауыр халде 43 науқас бар. Ал 20-сы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — деді Тимур Мұратов.