Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылғы ҰБТ-ге өтініштер сәуір айынан маусым айына дейін жалғасты. Нәтижесінде 285 164 өтініш қабылданды.
Қазіргі таңда ҰБТ-ға жақсы өзгерістер енгізіліп жатыр. Осы арқылы бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік болды. Мысалы, бітірушілер мен ата-аналардың эмоционалдық шиеленісті, стресті азайту мәселесі, сондай-ақ академиялық адалдық мәселесі, балаларға қолайлы жағдай жасауды қарастырдық. Сонымен бірге тестілеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және сұрақтардың мазмұнын өзгертуге де көп көңіл бөлінді, — деп айтты ол брифингте.
ҰБТ-ға 145 288 талапкер қатысты. Оның ішінде 109 693-і (75,5%) қазақ тілінде, 35 245 немесе 24,3%-ы орыс тілінде, 350 (0,2%) ағылшын тілінде тест тапсырды.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы – 69,08-ді құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5 балға артық. Шекті балды 88 101 (60%-дан астамы) түлек жинады. 57 187 (39,4%) тестіленуші шекті балды ала алмады, — деп атап өтті Наужан Дидарбекова.
Ол орташа балдың өсуі мектеп бітірушілердің тестті екі рет тапсыруымен байланысты деп есептейтінін айтты.
1 923 оқушы 120 балдан жоғары жинаса, ең жоғары 140 балды бір тестіленуші иеленді. Былтыр жоғары балл 139 болды.