Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Өзбекстанда әлеуметтік желілерге шектеу қойылды

Өзбекстанда бірнеше әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылды.

  • 3 Шiлде 2021
  • 270
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған, — деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін "Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне" енеді.

Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте, сондай-ақ Skype жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.