"Біз үнемі бағаны қадағалап отырамыз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,8% -ға өсуі байқалса, екінші деңгейлі үйдің бағасы 7,2% -ға көтерілді. Ал маусым айында бұл көрсеткіш екінші деңгейлі үйлерге 1,2%-ға, ал жаңа баспанаға 0,9%-ға артқан", — деді Қайырбек Өскенбаев ОКҚ брифингінде.
Ол күзге қарай тұрғын үй бағасының тұрақталуы күтілетінін айтты.
"Біз маусым-шілде айларында бағалар тұрақтануы керек деп жоспарлап отырмыз. Жылжымайтын мүлікке бағаның өсуіне зейнетақының бір бөлігін пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныстың жоғарылауымен байланысты болды. Менің ойымша, бізде маусым-шілде айларында бағаның тұрақтануы байқалады. Менің жеке болжамдарым бойынша, қыркүйек айында тұрғын үй бағасы арзандайтын болады” , — деп қорытындылады вице-министр.