Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО)

Алматыда вакцинация паспортын сатқан медицина қызметкерлері әшкере болды (ВИДЕО)

Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады.

  • 12 Шiлде 2021
  • 41
Фото - Caravan.kz

Алматыда ПТР нәтижесі мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаған үш мекеменің қызметкерлері әшкере болды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Криминалды полиция басқармасының мәліметі бойынша, екі жеке медициналық орталық — "Достар Мед" және "Сұңқар" қызметкерлері жалған құжат жасағаны үшін ұсталды. Сондай-ақ №4 поликлиникада медициналық қызметкерлердің вакцинация паспортын сатқаны және вакциналарды заңсыз жойғаны анықталды. Бірінші жағдайда клиника жанындағы зертхана қызметкері орталықтың екі медбикесі көмегімен ақшалай сыйақы үшін биоматериалды алмай, ПТР-сынама тапсыруды ұйымдастырған.

Біраз уақыттан кейін "Сұңқар" медициналық орталығының дәрігер-эндоксисті ұсталды. Ол бұрын алаяқтық үшін жауапқа тартылған. Жеке тінту кезінде ПТР-сынама нәтижелері, сондай-ақ, ақша процессуалдық тәртіпте тәркіленді. Сонымен қатар №4 қалалық емхананың аға мейірбикесі ұсталды, ол 15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін вакцина алғандарды белгілеу журналына жалған тіркеу жасағанын мойындады. Бұл деректер ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.