ММА спортшысы өз камерасынан өлі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ММА спортшысы өз камерасынан өлі табылды

ММА спортшысы өз камерасынан өлі табылды

Ironman лақап атымен белгілі америкалық ММА спортшысы Трэвис Фултон түрмедегі камерасынан өлі табылды. Ол балалар порнографиясын таратқаны және кәмелет жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін айыпталған.

  • 13 Шiлде 2021
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол бұған дейін бірнеше күн бұрын төрт айыптың екеуін мойындамақ болған. 

Мәйітті сою процедурасы әлі жасалған жоқ. Алайда полицейлер спортшы өз-өзіне қол салды деген болжам айтып отыр, деп жазады Lenta.ru.

Фултон спорттық карьерасын 1996 жылы бастаған. Барлығы 320 кездесу өткізіп, 255-інде жеңіске жетті.

© 
CC BY-SA 4.0
 / /WIKIMEDIA.ORG

ММА спортшысы Трэвис Фултон

ММА-ден бөлек, бокс шаршы алаңында 75 жекпе-жекке шығып, 25 рет қарсыласынан басым түсті. 48 мәрте жеңіліп, екі рет есеп тең болған.

Фултон өзінің YouTube-каналын жүргізді. Ол бұған дейінгі жекпе-жектерінің видеосы жариялап отырыпты.

Ол Владимир Матюшенко, Форрест Гриффин, Андрей Орловский, Сергей Спивак, Алексей Кудин, Джефф Монсон, Рикко Родригес, Бен Ротвелл, Дэн Северн, Рич Франклин, Ренато Собрал, Пит Уильямс сынды белгілі спортшылармен жекпе-жек өткізген.