Kazsat-2 спутнигінің қызығын кім көріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Kazsat-2 спутнигінің қызығын кім көріп отыр

Kazsat-2 спутнигінің қызығын кім көріп отыр


Байқоңыр ғарыш айлағынан отандық Kazsat-2 байланыс және хабар тарату спутнигінің орбитаға ұшырылғанына 10 жыл толды деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

  • 16 Шiлде 2021
  • 175
Фото - Caravan.kz

Республикалық ғарыштық байланыс орталығына (РҒБО) сілтеме жасап. Жерсеріктің қызмет ету аймағы Қазақстан және Орталық Азия елдерін қамтиды. Оның қызмет көрсету мерзімі – 12,5 жыл, ал техникалық ресурсы – 14,5 жыл.

Kazsat-2 спутнигі іске қосылғаннан кейін байланыс операторларына байланыс қызметтерін ұсыну, ақпараттық қызмет аясын кеңейту, электронды үкімет, интернет және ұялы байланысты жақсарту мүмкіндігі пайда болды. Жерсеріктің қызмет көрсет мерзімі 10 жылдан асқанына қарамастан ол штаттық режимде жұмыс істейді, — деп жазылған хабарламада.

16 шілдедегі мәліметке сәйкес, спутниктің жүктемесі – 70%.

KazSat-2 қызметтерін ірі 11 жерсеріктік операторлар пайдаланады. Қазақстанда аталған спутник арқылы жұмыс істеуге 5 119 жерсеріктік жер станциясына рұқсат берілген, — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда KazSat байланыс спутниктерінің қызметін 13 мыңнан аса жер стансасы, 15 негізгі байланыс және хабар тарату операторы пайдаланады.


2 спутниктен («Kazsat-2», «Kazsat-3») және «Ақкөл» (Ақмола облысы) және «Көктерек» (Алматы облысы) басқару кешендерінен тұратын Kazsat ғарыштық жүйесі елімізді байланыс және хабар тарату қызметімен толық қамтамасыз етіп отыр.

Еске салайық, 2011 жылғы 16 шілдеде Kazsat-2 спутнигі орбитаға жіберілген.