— Шынашақтай қызды арашалап қалған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрде көрініп тұрғандай, ашуға булыққан жұрт балаға қол жүгірткен еркекті жан-жақтан түтіп жеп жатыр. Бес жасар баланы әрірек әкетпек болған. Абырой болғанда көршілер көріп қалып, арам ойы іске аспай қалды.
Сазайын бермек болған халықтан қызқұмарды полицияның арашалауына тура келді. Бүлдіршінді бүлдірмек болған еркек қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — дейді телеарна тілшісі.