Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары арасында жүлделі орынға кім ілігеді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары арасында жүлделі орынға кім ілігеді

Токио Олимпиадасы: Қазақстан спортшылары арасында жүлделі орынға кім ілігеді

2016 жылы Рио Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 22-ші орынға ие болды. Сол кезде спортшыларымыз үш алтын, бес күміс және он қола медаль ұтып алған.

  • 23 Шiлде 2021
  • 69
Фото - Caravan.kz

Көптен күткен Олимпиада ойындары 23 шілдедет салтанатты түрде ашылады. Осы жолы төрт жылда бір рет өтетін доданы пандемияға байланысты бес жыл күтуге тура келді. Осы уақыт ішінде кейбір спортшылар қосымша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алса, енді біреулер спорттық карьерасындағы соңғы Олимпиаданың тезірек өткенін қалады. Әрбір құрамада ел үмітін ақтайтын спортшылар аз емес. Қазақстан да лайықты командасын жіберіп отыр. Sputnik Қазақстан отандық спортшылардың ішінде кім медаль үшін таласа алатынын зерделеп көрді.

Боксшылар бабында

Сөз жоқ, қазақстандық жанкүйерлер алдымен боксшыларға үлкен үміт артып отыр. Себебі олар осы уақытқа дейін Олимпиададан кем дегенде бір алтын медаль әкеліп отырған. Әсіресе, 69 келі салмақ дәрежесі сәтті болып тұр. Қазақстан төрт бірдей Олимпиадада дәл осы салмақта топ жарды. Боксшыларымыз бірнеше рет Вэл Баркер кубогын да ұтып алған. Токио Олимпидасында 69 келі салмақта ел намысын Абылайхан Жүсіпов қорғайды.

Жалпы ерлер арасындағы бокста қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Әрине, жанкүйерлер Василий Левиттің (91 келі) жекпе-жектерін де асыға күтеді. Себебі Рио Олимпиадасында әділетсіз төрешіліктің құрбаны болған боксшымыз осы жолы барын салып, алтын медаль алуға тырысады.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекзад Нұрдәулетов те бас жүлде үшін таласуы әбден мүмкін. Екі жыл бұрын өткен әлем чемпионатында ол Әділбек Ниязымбетовтің жолын талай кескен кубалық Ла Крузды жеңген болатын.

Сол чемпионатта Нұрдәулетов финалда өзбек боксшысы Дилшодбек Рузметовтан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Бүгінде көрші елдің бапкерлері де Нұрдәулетовты басты қарсылас ретінде қарастырып отыр. Бірақ биыл Дубайда өткен Азия чемпионатында Бекзад Нұрдәулетов алғашқы жекпе-жекте ұтылып қалды. Төрешілердің басым бөлігі ирандық боксшы жеңді деп шешкен.

Боксшылар командасында Олимпиада жүлдесіне лайықты басқа да спортшыларымыз бар. Олар: Сәкен Бибосынов (52 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келден жоғары).


Ал әйелдер арасындағы бокста ел намысын бір ғана спортшы қорғайды. Ол – Надежда Рябец (75 келі). Надежда Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. 21 жастағы боксшы қызымыз өз жолдамасын екі жыл бұрын 19 жасында ұтып алған.

Әрине, Қазақстанның бокс федерациясы тағайындап отырған ақшалай сыйақы да спортшылардың жеңіске деген ынтасын күшейтуі тиіс. Себебі ол ақша негізгі сыйақымен қоса беріледі. Атап айтқанда, алтын медаль иегеріне федерация тарапынан 100 мың доллар табысталады. Сол сияқты күміс медальге – 70 мың доллар, ал қола медаль үшін 50 мың доллар беріледі. Олимпиада чемпионы атанған боксшы барлығы 350 мың доллар сыйақы ала алады.

Татамиге алты дзюдошы шығады

Токио Олимпиадасында алты қазақстандық дзюдошы өнер көрсетеді. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах. Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті.

"Иә, кейбір салмақтарда жеребенің ауыр түскенін мойындау керек. Дегенмен, бұл Олимпиада ойындары, осал қарсылас болмайды. Ойынға әлемнің ең мықты спортшылары келді. Бәрі де тарихта қалып, жүлде алуға тырысады", — дейді Жылгелдиев.

Әсіресе, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы оңай емес. Оған Жапония мен Грузия балуандарына қарсы шығуға тура келеді.