Брифинг дәстүрлі есеп беруден емес, бірден сұрақ-жауаптан басталды. "Вакциналау жүргізілгеннен кейін қанша адам коронавирус жұқтырды" — деген сұраққа Есмағамбетова жауап берді: — 4 765 жағдай тіркелді. Бұл вакцина алушылар санымен салыстырғанда өте аз көрсеткіш екенін баса айтқым келеді, яғни 0,009 пайыз.