Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған

Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған

 

  • 30 Шiлде 2021
  • 94
Фото - Caravan.kz

Алматылық әйел өзін полиция қызметкерлері тұтқындау кезінде соққыға жыққанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сөзінше, оны Наурызбай ауданының учаскелік испекторы ұрып тастаған.

Мен терезенің темірлеріне жармасып алдым. Бірақ инспектор аяғымды сындырып тұрып, мені ажыратып әкетті. Кейіннен машинаға сүйреп кіргізді, – дейді әйел.

Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.

Мен қабылдау бөлімінің терезесін ұстап, жібермей қойдым. Алайда бұл оны тоқтата қоймады: инспектор саусағымды сындырып тастады. Содан соң сыртқа шығарып ойына келгенін істеді. Қолымды сындырды. Камерадан таса жерге алып барып, түрмеге отырғызамын деп бопсалады. Сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін онымен арпаластым. Мені кінәлі етпекші болды, – деп қосты тұрғын.

Алматы қалалық ПД бұл оқиға жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы келіншектің өзінің ата-әжесін қорқытып ұстап отырғанын, осыған байланысты оған ескерту жарияланғанын атап өтті.


28 мамырда 1943 жылы туған кейуана егде жастағы қарияларға қол көтерген немересіне қарсы арыз жазды. Сондай-ақ әжей әйелдің жанжал кезінде қарттарды көшеге қуып, ұрып-соғып, өгей ағасын түрмеге жабамын деп қорқытатынын жеткізді, – делінген ПД хабарламасында.

ПД өкілдері әйелдің әкімшілік сотқа келмегендіктен тәртіп сақшылары оны мәжбүрлеп жеткізгенін алға тартады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицейлер әйелдің үйіне күн сайын тексеру жүргізеді екен.