Тамыз айының басында ауа райы қандай болады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тамыз айының басында ауа райы қандай болады

Тамыз айының басында ауа райы қандай болады

Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36°C дейін көтеріледі, оңтүстікте 35-40°C жылы болады.

  • 30 Шiлде 2021
  • 57
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет 31 шілде – 2 тамыз аралығында республикада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, тамыздың басынан бастап елдің батысында ауа құрғақ болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы 33-38°C ге, кей жерде 43°C-қа дейін көтеріледі.

Республиканың қалған аумағында жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с болып, шаңды дауыл тұрады.

Ауа температурасы күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36°C дейін көтеріледі, оңтүстікте 35-40°C жылы болады.

Мегаполистегі ауа райы


Нұр-Сұлтан қаласында 30 шілде – 2 тамыз аралығында күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +30…+31°C, түнде +14…+18°C көрсетеді. 30 шілдеде қалада желдің жылдамдығы 10 м/с болады.

Алматыда 31 шілдеде күн ашық болады, күндіз +28°C, түнде +19°C жылы болады. Желдің жылдамдығы – 11 м/с. 1-2 тамызда күн ашық болып, ауа температурасы күндіз +30…+31°C, түнде +19…+20°C көрсетеді.

Шымкентте де алдағы үш тәулікте күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +35…+37°C, түнде +22…+24°C болады. 2 тамызда желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.