Қазақстандағы әскери авиацияның жалғыз әйел ұшқышы Қарағанды әуе базасында қызмет етеді. Ол бірнеше ай бойы Талдықорған қаласында арнайы оқудан өтті, деп хабарлайды Caravan.kz поратлы “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Жоғары маневрлі жойғыш ұшақпен ұшуға рұқсат алу үшін бірнеше ай бойы теориялық білім алып, бейімделген құрылғыларда жаттыққан. Ардана Ботай: – Кәсіби тұрғыда қалыптасуыма жасаған үлкен қадам болды. Алдағы мақсатым – біліктілігімді жетілдіріп, жер үстіндегі, әуедегі мақсаттарға және топтық ұшуларға машықтану. Көбірек даярлық бағдарламасына қатысу. Су-30СМ – көпфункциональды жойғыш ұшақ. Ол кез келген ауа райында, күндіз де, түнде де ұшады. Әуеде барлау жүргізуге сондай-ақ аспандағы, жердегі, теңіздегі нысандарды жоюға арналған. Осы категория бойынша: « Бас санитар дәрігер QazVac туралы қаулыға қол қойды Алдағы күндері еліміздің алты облысында қатты ыстық күтіледі »