Әзербайжан дзюдо федерациясы Токиодағы нашар көрсеткіш үшін барлық бапкерді қызметінен қуды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан дзюдо федерациясы Токиодағы нашар көрсеткіш үшін барлық бапкерді қызметінен қуды

Әзербайжан дзюдо федерациясы Токиодағы нашар көрсеткіш үшін барлық бапкерді қызметінен қуды

Әзербайжан дзюдо федерациясы команданың барлық бапкерін қызметінен босатты. Оған Токио Олимпиадасындағы нашар көрсеткіш себеп болған.

  • 3 Тамыз 2021
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Токиодағы Олимпиада ойындарындағы нашар көрсеткіштен кейін біз барлық бапкерді отставкаға жіберік. Осылайша, украиналық бас бапкер Руслан Машуренко мен оның көмекшілерінің барлығы қызметінен қуылды. Сонымен қатар, дзюдошылардың айлығы спортшылардың алдағы уақытта көрсеткен нәтижелеріне байланысты төленеді. Дзюдодан Әзербайжанның жастар құрамасының бас бапкері Эльчин Исмаилов Ұлттық құраманың уақытша бас бапкері болады", — делінген Федерацияның ресми сайтында.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына Әзербайжан атынан жеті дзюдошы бар. Бірақ бірде-бір жүлде жеңбеді. Ал әйелдер арасында тек 78 келіде өнер көрсететін Ирина Киндзерская қола жүлде еншіледі.