Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасына тапсырыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасына тапсырыс берді

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 8 миллион дозасына тапсырыс берді

Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты.

  • 3 Тамыз 2021
  • 495
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде шамамен 9 400 000 доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентпен 5 480 094 адам егілді, бұл вакцина алатын халықтың 55,4 пайызы. Екінші компонентпен 3 941 941 адам егілді. Бұл — халықтың 39,8 пайызы", — деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Министрлік төрт миллион адамға 8 000 000 дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасаған.


Цой жеткізу кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, халық вакцинамен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенін айтты.