Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Люция Төлешова — Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры.
Нағима Есқалиева, Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Толқын Забирова, Сәкен Майғазиев, Гаухар Қаспақова, Бағдат Мұхитденова, Нұрлан Албан, Бақыт Шадаева, Қайрат Түнтеков, Бауыржан Ретбаев, Әміре сынды талантты әншілердің ұстазы болған Люция Төлешова 80 жасында өмірден өтті.
Профессор Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыкасын тәмамдаған. Өзінің саналы ғұмырын кәсіби, эстрада өнеріне арнады. Соңғы демі үзілгенше, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» кафедрасының профессоры болып еңбек етті.