Атырау әкімдігі 91 метр тұғырдағы тудың түсірілуіне қатысты видеоға түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.29
  • 562.92
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау әкімдігі 91 метр тұғырдағы тудың түсірілуіне қатысты видеоға түсінік берді

Атырау әкімдігі 91 метр тұғырдағы тудың түсірілуіне қатысты видеоға түсінік берді

Атырау қаласының әкімдігі «91 метр тутұғырға орнатылған Ту неліктен жиі алынып тасталады» деген шағымға жауап берді.

  • 4 Тамыз 2021
  • 627
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау қаласында биіктігі 91 метрлік тутұғыр былтыр желтоқсан айында орнатылған еді.

Әлеуметтік желіде Тудың алынып тасталғаны туралы видео жиі жарияланады. Осыған байланысты Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.

«Техникалық регламентке сәйкес мемлекеттік Ту ашық, бұлтсыз және желсіз ауа райында тәулік бойы тұрақты көтерілуі (орнатылуы, ілінуі) тиіс. Ауа райы қолайсыз күндері (қар, жаңбыр) қатты табиғи жағдайлар, екпінді желдің жылдамдығы 8 м/с және одан жоғары болса, Тудың матасы тутұғырдан алынуы тиіс.

Атырау қаласында 3 тамызда желдің ұйытқу жылдамдығының 41 км/сағатқа дейін жетті. Сол себептен, мердігер мекеме қызметкерлері ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында орналасқан Туды түсіру туралы шешім қабылдады. Туды түсіру кезінде ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір қиындық туындады. Аталған жайтты кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат видеоға түсіріп, бұрмаланып жариялану арқылы әлеуметтік желіде тарады», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.