6-шы қола: Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев еркін күрестен жүлдеге ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
6-шы қола: Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев еркін күрестен жүлдеге ие болды

6-шы қола: Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев еркін күрестен жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 5 Тамыз 2021
  • 453
Фото - Caravan.kz


Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді.