Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция бұл туралы әйелдің ата-ана құқығынан айыру туралы азаматтық істі қарау кезінде білді. Тәртіп сақшылары әйелдің баланы үшінші тұлғаларға беруге тырысқанын анықтады, деп хабарлады Алматы облысы Ішкі істер депатаментінің баспасөз қызметі.
– Тексеру кезінде әйелдің перзентханадан шығарылғаннан кейін заңсыз түрде баланы рұқсатсыз бергені анықталды, – деді полиция.
Белгілі болғандай, келіншек бұрындары ауруханадан шыға сала баланы Қазақстаннан шығаруға рұқсат етіп, белгісіз әйелге сенімхат берген.
– Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.
Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат К. -ны кінәлі деп таныды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келіншектің басқа балалары 14 жасқа толғаннан кейін жаза күшіне енеді.
Қазақстанда Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар алғашқы тіркеуге қойылады. Олар туралы ақпарат жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды алғашқы тіркеу реестрінде тіркеледі, содан кейін баланы патронаттық тәрбиеге берудің белгілі бір тәртібі жүргізіледі.