Сауль «Канело» Альварес мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауль «Канело» Альварес мәлімдеме жасады

Сауль «Канело» Альварес мәлімдеме жасады

Екінші орта салмақта WBC, WBA Super және WBO чемпионы Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО) осы дивизионда IBF тиулына ие америкалық Калеб Плантпен (21-0, 12 КО) жекпе-жек өткізетін болды.

  • 20 Тамыз 2021
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бокс жекпе-жегі 6 қараша күні Лас-Вегас қаласында өтеді. «Канело» жекпе-жек туралы әлеуметтік желі арқылы ресми хабарлады.

«6 қарашада біз мексикалық боксты шыңға шығарамыз! Жетпей тұрған белбеуді иеленуге бел будым!», — деп жазды мексикалық.

Айта кетейік, «Канело» Калеб Плантты жеңген жағдайда супер орта салмақта (168 фунт) абcолют чемпион атанады.