Алматыда "қызыл" статусы бар 200-ге жуық ережебұзушыға айыппұл салынған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "қызыл" статусы бар 200-ге жуық ережебұзушыға айыппұл салынған

Алматыда "қызыл" статусы бар 200-ге жуық ережебұзушыға айыппұл салынған

14 күндік үй карантинін бұзған тағы 196 Алматы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • 20 Тамыз 2021
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, олар 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл төлеген, ал үшеуі екі рет төлеген.

Тұрғындарды QR-кодты сканерлеу нәтижесі бойынша "қызыл" сатус анықталғанына (ПТР-сынамасы оң) байланысты кәсіпкерлік нысанға жібермеді. Карантинді бұзғандардың аты-жөні ведомство сайтында жарияланған.

Айта кетейік, алғаш рет "қызыл" статусы бар Алматы қаласының 80 тұрғынының тізімі 23 шілдеде жарияланған болатын. Кейінірек Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой заңбұзушылардың аты-жөнін БАҚ-та жариялау туралы шешім қабылданбас бұрын үкіметаралық комиссия, оның ішінде заңды тұлғалардан да кеңес алынғанын түсіндірді.


Өткен аптада "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзғандар саны 86 адам болған еді.