Шымкентте сусындар қоймасы отқа оранды – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте сусындар қоймасы отқа оранды – видео

Шымкентте сусындар қоймасы отқа оранды – видео

Аумағы 900 шаршы метрден асатын алапат өртті сөндіру үшін өрт сөндірушілер үш жарым сағат бойы тілсіз жаумен алысты.

  • 1 Қыркүйек 2021
  • 44
Фото - Caravan.kz

Шымкентте "Фиркан" ЖШС аумағындағы сусындар мен минералды су қоймасында өрт шықты, деп хабарлады "Отырар"телеарнасы. Қоймадағы өрт 1 қыркүйекке қараған түні Тәуке хан даңғылында басталған.

Өртті сөндіруге Шымкент станциясының өрт сөндіру пойызы мен коммуналды қызметке қарасты су тасушы көліктер жұмылдырылды.

Бірінші бригада оқиға орнына жеткенде от қойманың 927 шарты метр аумағына таралып үлгерген.

"Нысанға жақын орналасқан екі гидрант арқылы үздіксіз су жіберу қамтамасыз етілді. Сондай-ақ Шымкент станциясының өрт сөндіру пойызы, коммуналды қызметке қарасты су таситын көліктер тартылды", — деді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртпен күрес кезінде өрт сөндірушілер көлемі 80 литр екі оттегі баллоны мен 50 литрлік газ баллонын қауіпсіз жерге алып шықты.

Өрт сөндіру жұмысына барлығы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 72 қызметкері мен 16 техника, жеке құрамында он адам бар Шымкент станциясының өрт сөндіру пойызы, Медицина апаты орталығының бригадасы, қалалық түрлі ЖШС-ға тиесілі алты техника тартылды.

Өрт сөндіру штабының ақпараты бойынша зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.