Сенаторлар бір күндік жалақыларын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенаторлар бір күндік жалақыларын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды

Сенаторлар бір күндік жалақыларын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды

Сенаторлар бір күндік жалақыларын Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккендерге аударды.

  • 2 Қыркүйек 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Парламенттің кезекті сессиясындағы Сенаттың алғашқы отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған төтенше жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Бүгінгі күні Президентіміздің тапсырмасымен жарылыс салдарынан қаза болған азаматтардың отбасыларына және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетілуде. Осыған орай Сенат депутаттарының бір күндік жалақасын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар. Қарсылық болмаса, осы ұсынысты қабылдаймыз. Аппарат тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, — деді Сенат төрағасы.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймалардың бірінде өрт шығып, жойқын жарылыс орын алған болатын.