Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатының Сонойта – Сан-Луис-Колорадо күре жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысқан. Бейсенбі күні болған апат салдарынан 16 адам қаза тауып, 22 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде жарақат алған 22 адам туралы хабарлама келіп түскен, солардың ішінде алтауы ауыр халде жатыр. 16 адам қаза тапқан. Құтқару операциясы жалғасып жатыр», — деп хабарлады аймақ прокуратурасы Twitter-де.
Көлік апатының себептері белгісіз.
Прокуратура қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайларын тергеп-тексеруге кірісті.