Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Баланың сол қолы күйіп қалған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Қазір үйінде ата-анасының қарауында. Ал облыстық полиция бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Айта кетейік, Ақсу-Аюлы Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты кент. Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Балалар алаңында 5 жастағы балаға тоқ соққан. Салдарынан баланың сол жақ қолын электрлік күйік шалған. Дәрігерлер оған алғашқы медицицналық көмек көрсетіп, қазіргі уақытта ол ата-анасының қарауына жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.