Қызылорда маңындағы ауыл тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда маңындағы ауыл тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін

Қызылорда маңындағы ауыл тұрғындары баспанасыз қалуы мүмкін

Шенеуніктер жер беру кезінде қателік жібергендерін мойындағанымен, үй тұрғызуға кеткен шығынды өтеуден бас тартып отыр.

  • 6 Қыркүйек 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputniknews.kz — ке сілтеме хабарлайды.

Қызылорда облысындағы Қызылжарма аулының тұрғындары әрі-сәрі күйде жүр: сот магистральді газ құбырының жанынан салынған бірнеше үйді бұзу туралы қаулы шығарған.

Алайда жергілікті тұрғындар жер телімін заң бойынша рәсімдеген. Шенеуніктер жер беру кезінде қателік жібергендерін мойындағанымен, үй тұрғызуға кеткен шығынды өтеуден бас тартып отыр.

Қызылжарма аулының тұрғындары жеке баспана салуға арналған жер телімдерін мемлекеттен тегін алған, деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Газ құбырының осы жерден өтетіні үйлер бой көтергеннен кейін ғана белгілі болған.

Бағдат Исабеков он соттық жерді 2013 жылы алған. Оның айтуынша, ол жұбайы және туыстарымен бірге қаражат жинап, үш бөлмеден тұратын шағын үй салған. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмапты: үш жыл өткеннен кейін отбасы жақын маңайдан қысымы жоғары магистральді газ құбыры жүретінін білген.

Апат болған жағдайда оның салдары ауыр болуы мүмкін. Сот үйді бұзу туралы шешім шығарды. Бағдат заңға бағынатын азамат ретінде осыған мойынсұнған.


"Қазір баратын жеріміз жоқ. Сот орындаушысы әбден мезі етті. Ол фундаментті бұзып, құрылыс қоқысын өз есебімізден шығаруымызды талап етіп отыр. Біздің үйімізді 2 миллион 300 мың теңгеге бағалады. Оның ішінде 800 мың теңге – бұл жер учаскесінің құны. Басқа аумақтан жер берді. Бірақ үй салатын ақшамыз болмай тұр", — дейді Бағдат Исабаев.

Тағы алты отбасы да дәл осындай жағдайға тап болды. Олар бірнеше жылдан бері мемлекеттік органдар мен соттың табалдырығын тоздырып жүр.

"Біз бұл жерді 2011 жылы алдық. Фундаментін құйып, біртіндеп қабырғасын көтеріп жатырмыз. Енді тек шатырын орнату қалды. Бірақ бізге үйді бұзу керек деп жатыр. Менің күйеуім екінші топтағы мүгедек. Бір өзім ғана жұмыс істеймін. Ескі лашықта тұрып жатырмыз. Үй салу үшін барлығын үнемдеумен келдік. Жабырқап отырмыз", — дейді жергілікті тұрғын Гүлнәр Танабаева.