Қазақстанда 58 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 58 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанда 58 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

 

  • 21 Қыркүйек 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда бір тәулік ішінде 58 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, 261 адам аса ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қайтыс болған 47 адамда COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен, ал 11 адамда — теріс.

Сондай-ақ, 21 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 68 803 адам коронавирус инфекциясынан (60 242 КВИ+ және 8 561 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 12 381 пациент стационарда,

  • 56 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 987 адамның жағдайы ауыр,
  • 261 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 143 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.