Ауғанстанда қыздардың қайта мектепке баруына рұқсат беретін заң дайындап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда қыздардың қайта мектепке баруына рұқсат беретін заң дайындап жатыр

Ауғанстанда қыздардың қайта мектепке баруына рұқсат беретін заң дайындап жатыр

Тәліптер (Талибан қозғалысына Қазақстанда және басқа көптеген елдерде тыйым салынған – еск.) жинаған Ауғанстан үкіметінің құрамы жаңа министрлік лауазымдармен толықты. Сонымен қатар билік министрлердің жаңа орынбасарларын таныстырды, олардың арасында бірде-бір әйел жоқ.

  • 22 Қыркүйек 2021
  • 235
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанда құралған жаңа үкімет құрамында пуштундардан басқа Хазар шиіттері өкілдерінің кіргені туралы мәлімдейді. Жаңа үкімет уақытша деп танылған, алдағы уақытта кейбір ведомстволарды әйелдердің басшылығына беру мүмкіндігі қарастырылмақ. Бұл туралы Талибан қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлім етті. Сонымен қатар ол қыз балаларға қайтадан мектепке баруға рұқсат ететін заңның дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ал әйелдер шариғат нормаларын сақтаған жағдайда жұмысқа шыға алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын бәліптер әйелдер ер адамдармен
бірге оқымайды
деген еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО Ауғанстанда қыз балалардың мектепте оқымау мәселесіне алаңдаушылық білдірді.

Перейти к новостям спорта