Қазақстан жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды – Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды – Тоқаев

Қазақстан жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды – Тоқаев

Әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан аграрлық секторды экологияландыруды және орнықты дамытуды қолдайды.

  • 24 Қыркүйек 2021
  • 236
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитте сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем бойынша азық-түлікті жеткізудің белсенді қатысушысы саналатын Қазақстан аграрлық секторды экологияландыруды және орнықты дамытуды қолдайды. Еліміз бидай мен ұн өндіруші ірі елдердің ондығына кіреді және жылына 7 миллион тоннаға дейін бидай экспорттайды. Біз негізгі тежеуші факторларға қарамастан, майлы дақылдар экспортын 1 миллион тоннадан асырдық. Дегенмен, азық-түлік жүйесі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрғыдан орнықты болуға тиіс» – деді Қазақстан Президенті.