Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ЛАДА.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
23 жасар Ержан Өмірбай Ақтаудың тумасы. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Қазақ ұлттық өнер университетінде (ҚазҰӨУ) кино және телевидение продюсер-режиссері мамандығы бойынша білім алады. Сонымен қатар, ол елордалық модельдік агенттікте жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
Жас жігіттің бойындағы ерекше "қасиет" бала кезінен пайда болды. Ол бөтен адамдардың қиналғанын, ауыруын, тіпті өлетін кезін және өтірік айтып тұрғанын сезе біледі. Оның әжесі шөптерді жинап, құмалақ ашумен айналысқан көрінеді. Өз немересін жақсы көргендіктен, әжесі Ержанды "Абыз" деп атапты.
— Мен ата-анамның бірінші баласы тіл көзден өлгенін білдім. Сол кезде бір ақсақал қайтыс болған баланың өз өмірін басқа бала үшін құрбан еткенін айтты. Сол бала бүкіл әулеттің мұрагері болады, — деп естеліктерімен бөлісті Ержан Өмірбай.
Жас жігіттің айтуынша, "Битва экстрасенсов" бағдарламасына қатысу туралы достары кеңес берген.
Ержанға телешоудың редакторы қоңырау шалыпты. Skype арқылы кастингтен және басқа іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен.
Енді ол жекпе-жекте жоба жеңімпазы және басты сыйлық — көк хрусталь қол атағы үшін таласады.
Ресейлік реалити-шоу әр сенбі сайын TNT эфирінде шығады. 22-ші маусымның алғашқы сериясы 25 қыркүйекте шығады.