Нұрлан Қоянбаев өз фильмдерінен 3 млрд тенге табыс жинағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Қоянбаев өз фильмдерінен 3 млрд тенге табыс жинағанын айтты

Нұрлан Қоянбаев өз фильмдерінен 3 млрд тенге табыс жинағанын айтты

Әйгілі продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев түсірген фильмдерден қанша табыс жинағаны жайлы Бейбіт Алібековтың сұхбатында бөлісті.

  • 28 Қыркүйек 2021
  • 235
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Бизнес по-казахски» (2016) – 300 млн тг, «Бизнес по-казахски в Америке» – 560 млн тг, «Бизнес по-казахски в Африке»– 700-800 млн тг, «Бизнес по-казахски в Корее» – 1 млрд 170 млн тг, «My love is Aisulu» – 600 млн, «Каникулы в Тайланде» – 260-300 млн табыс әкелді. Барлық фильмдардың табыстарын қосқанда 3 млрд тенге.

Фильмнен жиналған 1 млрд кассалық түсімінің шамамен 50%-ы кинотеатрларға, дистрибьюторларға 7-10%, инвесторларға 21,5% жұмсалады. Сонымен қатар фильмнің өзіндік құнын алып тастаса, продюсердің өзіне 17-23%, яғни 200 млн тиесілі болатынын айтты.

«Егер сен теледидарда қандай да бір бағдарлама ашсаң, саған қандай көрермен келетінін түсінуің керек. Маған дейін де, қазір де комедиялар түсіріліп жатыр. Бірақ, көрермендердің талғамын талдау керек. Көрерменнің көңілінен шыққсан бәрі жақсы болады деп айтады ғой. «Бизнес по-казахски»-дің бірінші бөлімі халықтың көңілінен кішкене шыға бастаған кезде, менде осы фильмді жалғастырып, екінші бөлімді түсіру жайлы ой туды»,- деп жалғастырды продюсер.

Нұрланның айтуы бойынша, екінші бөлімді түсіру идеясы бірінші бөлімнің табысты болғаннан кейін емес. Халыққа жаңа нәрсе көрсету болған. Сондықтан Америкаға аттануды шешті. Америкадан кейін «Қайда түсіреміз?» деген сұрақ туындаған. Франшизаны жалғастырудың жоспары болған жоқ. Франшиза жобаның  қандай да бір бөлігі бұрынғыға қарағанда нашар болған кезде пайда болады. Ал әзірге касса бойынша емес, билеттер және көрермендердің келуі бойынша одан сайын жоғарылап бара жатыр.