Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

Тоқаев ұстаздарды мерекемен құттықтады

Президент мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса беретінін атап өтті.

  • 3 Қазан 2021
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!", — деп жазды президент Twitter-де.

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.


1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Биыл білім министрлігі айтулы дата аясында "Ұстазыңды құттықта" акциясын бастады. Бұл акцияға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.