Алматылықтар дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақты видеоға түсіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылықтар дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақты видеоға түсіріп алды

Алматылықтар дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақты видеоға түсіріп алды

Алматы тұрғындары қаладан ұшқан дүние жүзіндегі ең үлкен Ан-225 "Мрия" ұшағын түсіріп алды. Тұрғындар түсірген фото және видео 5 қазанда kris.p.almaty.official тобында пайда болды.

  • 6 Қазан 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ан-225 "Мрия" сағат 08:30-да Алматы әуежайынан ұшып кетті.

"Дүние жүзіндегі ең үлкен ұшақ. Антонов", — деп жазылған жазбада.

Видеолардың бірінде куәгер 250 тонна таси алатын украиналық көлік ұшағының Алматы әуежайындағы ұшу-қону жолағынан ұшып бара жатқанын көрсеткен. Тағы бір видеода ұшақ алып құс секілді қаланың үстінен ұшып бара жатыр.

Бұл "Ан-225 "Мрия" ұшағының Алматы әуежайына бірінші рет қонуы емес. 2020 жылдың сәуірінде жүк борты Қытайдан Польшаға ұшып бара жатқанында жанармайды үстеп құю үшін қонған болатын.