Алматыдағы Саин көшесіндегі қоршау алып тасталды. Әкімдік не дейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы Саин көшесіндегі қоршау алып тасталды. Әкімдік не дейді?

Алматыдағы Саин көшесіндегі қоршау алып тасталды. Әкімдік не дейді?

Алматыдағы Саин көшесінде металл бөлгіш қоршаулар алынды. Осы жағдайға қала әкімдігі түсінік берді.

  • 8 Қазан 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігі Саин көшесіндегі бұрынғы қоршаудың орнына жаңа қоршау орнатылатынын мәлімдеді.

"Саин көшесінде тозығы жеткен темір қоршау мырыштан жасалған қоршауға ауыстырылады. Өзгеріс Саин көшесінің бойында Абай даңғылы, Шаляпин мен Жандосов көшелерінің қиылысында (тунелде), әсіресе, қауіпті аймақтарда жүргізіледі", — деді Алматы әкімдігі.

Алматы тұрғындарында ескі қоршау орнына тұрғызылған қисық бағандарға қатысты сұрақ пайда болды.


"Бұл — әлі аяқталмаған жұмыс. Негізгі қоршаулар тегістеліп, орнатылады. Суретте тек тіректер көрсетілген. Бұған дейін құбыр қоршаулардың қызмет ету мерзімі өтіп кеткен. Олар коррозияға ұшырағандықтан дұрыс тұрмаған", — делінген хабарламада.