Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінде Ақмола облыстық поляктар бірлестігінің басшысы Наталья Нагачевская балалар құқығы жөніндегі заң жобасындағы әлеуметтік желілерді бұғаттауға бағытталған өзгерістерді қолдап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Депуттар балалар құқығы жөніндегі заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынған. Олар шетелдік мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің Қазақстанда тіркеліп, өз өкілдіктерін ашуды сұраған болатын. Егер талап орындалмаса, әлеуметтік желілер бұғатталуы керек. Бұл балаларды кибербуллингтен қорғау үшін қажет дейді депутаттар.
"Бұл заң әлеуметтік желілердің жұмысын реттеп, оларды Қазақстанда өкілеттігін ашуға міндеттейді. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен және депутаттардан ананың дауысын естіп, қолдау көрсетуін сұраймын", — деп мәлімдеді Нагачевская.
Президент ғаламтордың тигізетін кері әсері жайлы оймен келісетінін айтты.
"Бұл ақпарат, бірінші кезекте, жастарды кері бағытқа бұрады. Бұған қарсы тұру үшін үкімет қана емес, қоғам болып жұмылуымыз керек. Әрине, аталмыш мәселеде үкімет шешім қабылдамаудан қашпауы қажет", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар ол "Біздің өлке тарихы" тикток-жобасын қолдайтынын да айтты.
"Қазір жастардың басым бөлігі Instagram және Tik-Tok желілерін қолданады. Бұл – шындық және біз де мәдениетіміз бен балаларымыздың тәрбиесіне әсер ету үшін осы шындыққа қосылайық", — деп қосты Тоқаев.
Президент бағдарламаның қызықты, серпінді әрі қазақ және орыс тілінде болу керектігін мәлімдеді.