Ғалымдар вакцина алса да, коронавирустан көз жұму қауіпі жоғары адамдар санатын атады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар вакцина алса да, коронавирустан көз жұму қауіпі жоғары адамдар санатын атады

Ғалымдар вакцина алса да, коронавирустан көз жұму қауіпі жоғары адамдар санатын атады

 

  • 24 Қазан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Италияның ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері бірқатар ауруларға шалдыққан егде жастағы адамдар COVID-19-ға қарсы вакцинадан көз жұмуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап.

Зерттеушілер 2021 жылдың 1 ақпанынан 5 қазанына дейін италиялықтардың коронавирустан көз жұмғаны туралы деректерді талдаған. Осы кезеңде 38 мың адамның өмірін ауру жалмаған. Оның 33,6 мыңы екпе алмаса, 2 130 адам вакцинаның бірінші дозасын салдырған немесе вакцинациядан кейін көп ұзамай, ауру жұқтырған, ал 1 440 адам толық екпе алған.

Вакцинацияланғандардың арасында көз жұмғандардың орташа жасы 85-ті құрапты. Олар – көбіне беске жуық созылмалы ауруға, атап айтсақ, жүрек ауруы, қатерлі ісік және деменцияға шалдыққандар. Коронавирустан көз жұмған, екпе салдырмағандардың орташа жасы 78-ді құраған.


Осылайша, COVID-19-дан көз жұму қауіпі созылмалы аурулары бар өте егде жастағы адамдардың арасында жоғары. Дегенмен вакцина салдырған кәрі адамдар егілмегендерге қарағанда аурудан жиі аман қалады, дейді ғалымдар.