Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр

Коронавирусқа шалдыққан 590 науқастың жағдайы ауыр

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 940 612 адамнан анықталды.

  • 1 Қараша 2021
  • 40
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz.-ке сілтеме жасап.

1 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 46 492 адам коронавирус инфекциясынан (–40 793 + және 5 699 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 412 пациент стационарда, 38 080 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 590 адамның жағдайы ауыр,

— 149 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 94 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ елімізде өткен тәулікте 1395 адамда коронавирус ПТР-талдау арқылы расталды.

Өңірлер бойынша:


Нұр-Сұлтан қаласы — 151,

Алматы қаласы — 206,

Шымкент қаласы — 9,

Ақмола облысы — 120,

Ақтөбе облысы — 37,

Алматы облысы — 86,

Атырау облысы — 20,

Шығыс Қазақстан облысы — 95,

Жамбыл облысы — 7,

Батыс Қазақстан облысы — 29,

Қарағанды облысы — 138,

Қостанай облысы — 115,

Қызылорда облысы — 26,

Маңғыстау облысы — 2,

Павлодар облысы — 198,

Солтүстік Қазақстан облысы — 143,

Түркістан облысы — 13.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус 940 612 адамнан анықталды.